«Журналистерге қарсы қылмыс жасады» деген күдікпен 18 адам ұсталды

Полиция 20 қылмыстық істі тергеп жатыр


22/02/2023
10:44 21018 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Алматы мен Астанада «журналистерге қарсы қылмыс жасады» деген күдікпен 18 адам ұсталды. Бұл жөнінде «Polisia» телеграм арнасы хабарлады. 

 

Мәліметте 2022 жылдың қыркүйегі мен 20 ақпанға дейінгі аралықта Алматы мен Астана қалаларында «алты журналист пен блогерге, сонымен бірге олардың жұмысына қатысы бар бір адамға қарсы бірнеше заң бұзушылық жасалғаны» жөнінде айтылған. Бірақ ол журналистер мен блогерлердің аты-жөні айтылмаған. 

 

– Жәбірленушілердің жылжымайтын мүлкін бүлдіру, автокөліктерін өртеу, түрлі зат жолдау арқылы қорқыту, терроризм акті туралы жалған хабар тарату, азаматтық жеке мәліметтерін интернетте жариялау қылмыстары жасалған, – деп хабарлады ІІМ.

 

Полицияның мәліметінше, осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық шұғыл тергеу тобы құрылған. Қазір «қоқан-лоқы»«жеке өмір туралы мәліметті тарату»«журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіру»«бұзақылық»«біреудің мүлкін қасақана бүлдіру» баптары бойынша 20 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

– Қазіргі кезде барлық факт ашылды, қылмысқа қатысы бар 18 адам ұсталды. Айғақтар қорын толықтыру жөнінде тиісті тергеу және шұғыл іс-әрекет жүргізіліп жатыр, – деп жазылған полицияның хабарламасында.

Соңғы уақыттары Қазақстанда журналистерге шабуыл жиілеген. Атап айтқанда, бұған дейін, журналист Динара Егеубаеваның автокөлігін өртеп, Вадим Борейконың пәтерінің есігін белгісіз біреулер желімдеп кеткен. Осыдан бірнеше күн бұрын Борейконың операторының екі бірдей көлігін белгісіз біреулер өртеп жіберген. 

 

Жекелеген журналистермен қатар Ulysmedia.kz, El media, Orda.kz редакцияларына да шабуыл жасалған. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

22/02/2023 10:44
21018 0

Уведомление